«Қазiр сайлау науқаны басталып кеттi. Мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзу бастамасын негiзiнен әйелдер қолдады. Маған кандидатурамды ұсынуды өтiнген мыңдаған хаттар келiп түсуде. Менiң жеке жоспарларым мүлдем өзге болған, мен Қазақстанды көптеген жылдар бойы басқарып келемiн, тәуелсiздiктiң бастауында тұрдым. Мүмкiн, театрдағы декорацияны ауыстыратын кез келген шығар», - дедi Н.Назарбаев.
Елбасы өзiнiң шетелдiк әрiптестерiнiң үлгiсiн мысалға келтiрдi.
«Сингапурдың негiзiн қалаған жетекшiсi ел басшылығынан кеткен кезде, одан неге осындай шешiм қабылдағанын сұрадым. Ол «31 жыл елдi басқардым, соңғы жылдары өзiмнiң теледидардағы бейнем ұнамайтын болды» деп жауап бердi. Менiң де жоспарым осындай», - дедi Мемлекет басшысы.
Baq.kz