Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып қайта тағайындалды

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып қайта тағайындалды
Ақорда

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы - экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Ол бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды. Ал 2025 жылы көлік министрі болып тағайындалды.