Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаеваға ерекше лебіз білдірді

Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаеваға ерекше лебіз білдірді
Нұрлан Әлімжанов. Фото: instagram.com/nurlan_alimzhanov_official

Актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов әріптесі Әйгерім Қалаубаеваға жылы сөз арнап, оны ерекше бағалайтынын жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иелері әңгіме барысында сахнадағы үйлесімдері мен бір-біріне деген көзқарасы туралы ашық айтты. Нұрлан Әлімжанов Әйгерімді айға теңеп, оны сағынатынын жасырмады.

"Сен боянбашы деймін. Боянбасаң да, сен – айсың. Алты сағат қатты сағындым. "Айкош, қалай маған жетіспей тұр" дедім", – деді актер.

Ал Әйгерім Қалаубаева олардың сахнадағы жарасымының сырын серіктесін тыңдай білумен байланыстырды.

"Өйткені мен саған бағынамын. Тыңдаймын. Сенің не сөйлеп тұрғаныңды аңдып тұрамын. Сенен алға шығып кетпеуге тырысамын. Сенен көп сөйлеп қоймауға тырысамын", – деді әнші.

Нұрлан Әлімжанов әріптесінің жауабына әзілмен пікір білдірді.

"Бүкіл әйел Әйгерім сияқты әрекет ететін болса, бәрі бақытты болып кетуші еді. Қазақстанда ажырасу атымен болмас еді", – деді ол.

Әңгіме барысында бұл сөздердің негізінен олардың жүргізушілік және сахналық серіктестігіне қатысты екені байқалды.

Айта кетейік, Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның бірге жиі көрінуі бұған дейін де желі қолданушыларының назарын аударған. Әйгерім Қалаубаева олардың қарым-қатынасын «өмірде емес, өнер жолында табысқан жұп» деп сипаттаған еді.