Нұр-Сұлтанда балаларға арналған қала әкімінің шыршасы өтті

Dalanews 25 жел. 2019 14:16 834

Елорданың Оқушылар сарайында «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты қала әкімінің шыршасы өтті. Мерекеге 300 бала қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Балақайлар назарына жаңажылдық қызықты бағдарлама ұсынылып, тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Сондай-ақ, олар ертегі кейіпкерлерімен, батырлармен, Аяз Ата және Ақшақармен бірге ән айтып, би биледі.

Мерекелік іс-шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар 300 бала, оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері, SOS балалар ауылының, сондай-ақ, қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиеленушілер, коррекциялық және инклюзивтік сынып оқушылары қатысты.


Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Балалар – біздің болашағымыз. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Қазақстан жас азаматтарының толыққанды дамуы үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік және табыс тілеймін. Жаңа жылда сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын! – деді Бақтияр Мәкен.

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=XVxrcAo3_vs&feature=emb_logo

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар