Халық қалаулыларының мұндай ұсыныс айтуына Қазақстан халқының жаңа атауды қабылдамауымен байланыстырып отыр.
Олар алдағы уақытта Конститутцияға өзгеріс енгізгенде осы мәселені де бір жақты етуді көздеп отырған сыңайлы.
– Бұл жерде біздер елордаға бұрынғы Астана атын қайтару мәселесін қозғап отырмыз. Тұтас бір елдің астанасын бір адаманың атымен атауды халық та қабылдамағанын байқадық. Сол себепті елорданың бұрғыны Астана атауын қайтару тарихи тұрғыдан дұрыс шешім болатыны сөзсіз, – деді «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының теңтөрағасы Еділ Жаңбыршин.
Депутат бұл мәселені қозғағанда Тұңғыш Президенттің еліміздің дамытуға қосқан үлесін де назарға алғандарын тілге тиек етті.
https://dalanews.kz/comment/80999-ados-zhuzikti-aluga-bara-zhatyr
https://dalanews.kz/aimak/80915-qasymbek-qayda-qarap-otyr-temirtau