«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін білім саласы бойынша ауылдық жерлерде халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салуға ықпал етуді көздеп отыр. Алдағы уақытта Түркістан қаласы іргесіндегі ауылдардағы мектеп мәселе көп ұзамай шешімін табатыны анық.
Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламада білім саласындағы 12 нысанды (9 орта мектеп, 3 балабақша) күрделі жөндеуден өткізуге, 15 мектепке дейінгі жеке балабақша (2400 орындық) ашуға, қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 21 055 дана, яғни 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 2025 жылға дейін барлық кәсіптік оқыту мекемелерін дуалды оқытумен қамтамасыз етуге ықпал ететіндігі көрсетілген.
Нәтижесінде білім сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қала мен қалаға қарасты елді мекендерді дамуының маңызды шарты болып табылады.
«Nur Otan» партиясы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының есебінен төленді)