Непал мен Қытай шекарасындағы апат: үшінші қазақстандық іздестіріліп жатыр

Непал мен Қытай шекарасындағы апат: үшінші қазақстандық іздестіріліп жатыр
Фото: Х/Ei Samay

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық туристердің саны үш адамға жетті. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, табиғи апат аймағында болуы мүмкін үшінші қазақстандық әйел туралы ақпарат түскен.

"Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы ықтимал үшінші қазақстандық турист туралы мәлімет алынды. Қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Отандастарымызды іздеу жалғасуда", - делінген министрлік хабарламасында.