Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ұмтылмайтынын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді.
"Біз тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе", - деді Мемлекет басшысы.