Назарбаевтар “Қайрат-Реал” матчын стадионнан көрді ме?

Сағыныш Сардарова 01 қаз. 2025 10:07

Кеше алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік "Реалмен" өз алаңында ойнады. Тарихи ойында Назарбаевтар да төбе көрсетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі матчті тамашалауға келді делінген сурет тарап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, суретте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, шет жақта туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов байқалады.

Одан бөлек Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев те әлеуметтік желідегі парақшасында матчтен видеолар жүктеді.

Айта кетейік, кездесу "Реалдың" пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Мадридтік "Реал" өз тарихында алғаш рет Қазақстан аумағында ресми ойын өткізді. Ал алматылықтар үшін Еуропаның ең титулды клубымен өткен бұл кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы өз алаңындағы матч болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар