22 шілдеде еліміздің орман қоры аумағында 3 орман өрті тірікелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Семей орманы" резерватындағы 3 өртке найзағай разряды себеп болған. Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ-ның әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйесі арқылы анықталған. Орман қызметкерлері мен әуе десантшылары оны жедел оқшаулаған.
"Орман қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында барлық техника жұмылдырылып, аз аумақты қамтыған өрттер дереу сөндірілді", - деді Экология министрлігі өкілдері.