"Маған Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева мен оның басшылығындағы Сенаттың халықаралық істер комитеті біздің
Жер туралы заң жобамызды қабылдауға қарсы шыққаны туралы ақпарат жетті.
Олар бұл заң жобасын Үкіметке қайтармақшы, бұл тағы бір жыл жұмыс істеу керек деген сөз. Егер біз 1,5 жылдан бері бұл заңды қабылдай алмағанымызды ескерсек, мұның бәрі астыртын әрекетке ұқсап тұр.
Егер солай болса, демек
билік Жер комиссиясында халық алдында мойнына алған міндеттемелерін орындаған жоқ.
Бұл заң жобасы Үкіметте емес, Дариға Нұрсұлтанқызы, Сіздің әкеңіз, ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев құрған Жер комиссиясында дүниеге келді", — дейді М.Тайжан.
Қоғам қайраткері бұл заң жобасында антилатифундистік шаралар қарастырылғанын, өйткені ол халыққа көптен күткен жайылымдарды және латифундистердің жері есебінен 10 сотық беруді көздейтінін атап өтті. Сондықтан болса керек, бұл заң жобасын Мәжілісте қабылдайтын кезде оған қарсы науқан ұйымдастырылғаны байқалып қалған.
"Енді міне, Дариға Нұрсұлтанқызы, оны Сенатта қабылдауға қарсы болып отырсыз. Оған не себеп? Өкінішке қарай, Сенат Мәжіліс секілді қоғам қайраткерлерімен бірлескен жұмыс тобын құрған жоқ. Сондықтан мен 2016 жылғы Жер комиссиясы құқықтық жұмыс тобының жетекшісі ретінде Сізге мерекеден кейін кездесіп, бұл заң жобасына қатысты мәселелерді шешуді ұсынамын", — деп толықтырды ол.
"Егер Сіз 2016 жылғы Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне түбегейлі қарсы болсаңыз, неліктен екенін түсіндіріңізші. Жауап күтемін", — деп түйіндеді Тайжан.
дереккөз: sputniknews.kz
https://www.youtube.com/watch?v=L8AoMihfpys