Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2025 09:20

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қаралы хабарды әлеуметтік желіде жазушы Құдияр Біләл жеткізді.
"Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!" - деп жазды ол.
Айта кетейік, 2021 жылы ақынның Рауан Шаханов есімді ұлы қайтыс болған еді. Ал биыл сәуірде бұрынғы әйелі Розалинда Шаханова 74 жасында өмірден өтті.
 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар