Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесіне тиесілі тарихи жәдігерлерді Қазақстанның әр өңірінде көрсету туралы ұсыныс айтты. Ол бұл ойын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Неслиханның айтуынша, Қазақстанның аумағы кең, жолы алыс болғандықтан, әр адамның Астанаға немесе Алматыға арнайы барып, Мұстафа Өзтүріктің тарихи заттарын көруге мүмкіндігі бола бермейді.
"Аллаға шүкір, еліміз үлкен, жолымыз да алыс. Сол себепті әр адамның Астанаға немесе Алматыға барып, әкем Мұстафа Өзтүріктің тарихи заттарын көруге мүмкіндігі бола бермейді деп ойлаймын. Мен Қазақстанның басқа аймақтарындағы халық пен келешек ұрпақ та бұл мұраны өз көздерімен көріп, одан рух, күш пен шабыт алғысы келеді деп ойлаймын. Сол үшін Қазақстан бойынша көшпелі көрме жақсы шешім бола ма? Мен үшін халқымның пікірі өте маңызды. Сіздер қалай ойлайсыздар? Қай қалаларда көргіңіз келеді?" – деп жазды Неслихан Өзтүрік.