Мұнайды заңсыз өткізумен айналысқан қазақстандық Дубайдан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдармен бірге жалпы сомасы 300 млн теңгеден асатын ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекет еткен.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.