Мұнай бағасы төмендеді

Dalanews 24 ақп. 2020 04:16 868

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы төмендеді.

Сауда қорытындысы кезінде Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы сәуір айындағы жеткізілімдер бойынша, 2,9 пайызға құлдырап, барреліне 56,87 доллар болды. Соңғы рет мұнай бағасы 14 ақпанда ғана 57 доллардан төмен болған. Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,4 пайызға төмендеп, баррелі 52,12 доллар болды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар