Мұнай бағасы қайтадан қымбаттай бастады

Мұнай бағасы қайтадан қымбаттай бастады
Фото: pixabay

Парсы шығанағындағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуі әлемдік мұнай бағасына әсер етіп, қара алтын құны қайтадан барреліне 100 долларға жақындай түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

The New York Times басылымының хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 3 пайыз өсіп, барреліне 99 долларға жеткен. Америкалық WTI маркалы мұнай да 3 пайызға қымбаттап, бір баррелі 97 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, Таяу Шығыстағы тұрақсыздық мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп, әлемдік нарықтағы бағаның өсуіне түрткі болып отыр.

Егер өңірдегі жағдай одан әрі шиеленісе түссе, мұнай бағасы барреліне 100 доллардан да жоғары көтерілуі мүмкін.