Мүгедектігі бар адамдарға билет сатып алудағы бір рәсім жеңілдетілді

Мүгедектігі бар адамдарға билет сатып алудағы бір рәсім жеңілдетілді
ашық дереккөз

Енді мүгедектігі бар адамдар арнайы орындарды онлайн сатып ала алады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, І топтағы мүгедектігі бар адамдарға бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына барудың қажеті жоқ. Енді мұны онлайн жасауға болады.  

"Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған еді. Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіруді қамтамасыз етіп, жүйені жетілдірді", - деп жазылған хабарламада.

Маусымнан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарда арнайы орындарға билетті онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды. Нәтижесінде осы санаттағы 90 мыңға жуық адам теміржол билетін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды.