Қазақстанда табиғи монополия субъектілеріне қатысты 535 әкімшілік іс қозғалды. Жалпы айыппұл көлемі 922,9 млн теңге болды, оның 626,9 млн теңгесі өндірілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ең көп айыппұл салынған өңірлер:
– Шымкент – 368,8 млн теңге
– Алматы – 76,5 млн теңге
– Қарағанды облысы – 56,1 млн теңге
Ведомство мәліметінше, айыппұлдардың басым бөлігі тарифтік сметаны орындамау және инвестициялық бағдарламаларды сақтамау фактілеріне байланысты салынған. Сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын бұзу, реттелетін қызметтерге қолжетімділікті шектеу және есепті уақытында тапсырмау жағдайлары да анықталған.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.
