MG Қазақстандағы бағасын төмендетті: 1,5 млн теңгеге дейін үнемдеуге болады

MG Қазақстандағы бағасын төмендетті: 1,5 млн теңгеге дейін үнемдеуге болады
Фото: MG

Қазақстандық Allur⁠ автомобиль компаниясының басқаруындағы MG бренді барлық модельдерінің бөлшек саудадағы бағасын жаңартты. Модель мен жинақтамаға қарай сатып алушылар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін үнемдей алады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бағаның төмендеуі Қазақстанда сатылатын MG көліктерінің барлығын, қалалық MG 5 седанынан бастап жеті орындық флагман MG RX9 кроссоверіне дейін қамтыды.

MG 5

Күнделікті сапарға арналған қалалық MG 5⁠ седанының әр жинақтамасы 500 мың теңгеге арзандады:

  • MG 5 Comfort — 6 990 000 теңге;
  • MG 5 Luxe — 7 490 000 теңге.

MG ZS

Ықшам қалалық MG ZS⁠ кроссоверінің әр жинақтамасы 1 млн теңгеге арзандады:

  • MG ZS Comfort — 7 490 000 теңге;
  • MG ZS Luxe — 8 490 000 теңге.

MG HS

MG HS⁠ кроссоверін сатып алудағы тиімділік жинақтамаға қарай 1,5 млн теңгеге дейін жетеді:

  • MG HS Comfort — 9 990 000 теңге;
  • MG HS Luxe — 10 990 000 теңге.

Luxe жинақтамасындағы автомобиль көлемі 2 литрлік турбоқозғалтқышпен және тоғыз сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.

MG RX9

Толық жетекті және көлемі 2 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталған жеті орындық флагман MG RX9⁠ жол талғамайтын көлігін сатып алғанда 1,3 млн теңге үнемдеуге болады:

Осылайша, баға жаңартылғаннан кейін Қазақстандағы MG⁠ автомобильдерінің бастапқы құны 6 990 000 теңгені құрады. Ал модельдік қатар бойынша ең жоғары тиімділік 1,5 млн теңгеге дейін жетеді.

Жаңартылған бағамен қатар, MG сатып алушыларына түрлі қаржы құралдары ұсынылады. Автомобильді бастапқы жарнасы 0 пайыздан басталатын несиеге⁠, жеті жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады. MG автомобильдері бойынша ең төменгі ай сайынғы төлем 84 045 теңгеден басталады⁠.

MG автомобильдерін лизингке⁠ алу мүмкіндігі де қарастырылған. Бағдарламалар жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қолжетімді. Бұл сатып алушыға өз қажеттілігіне сай тиімді тәсілді таңдауға мүмкіндік береді.

MG модельдерінің барлығына бес жылға немесе 150 мың шақырым жүріске кепілдік⁠ беріледі. Кепілдік осы екі шарттың қайсысы бұрын орындалғанына байланысты аяқталады.

Өзекті бағалар, несие бағдарламалары, лизинг және автокөлік сатып алудың басқа да шарттары туралы толық ақпаратты MG ресми дилерлерінен, mg.com.kz⁠ сайтынан немесе 3388 қысқа нөмірі арқылы алуға болады.

MG бренді туралы

MG⁠ — Ұлыбританияда негізі қаланған, ғасырдан астам тарихы бар автомобиль бренді. Бүгінде оның модельдік қатары бірегей дизайнды, заманауи технологияларды және күнделікті қолданысқа арналған тиімді шешімдерді біріктіреді.