"Мен емес". Аймағамбетов Мәжіліске алақанына шпаргалка жазып келген бе?

Сағыныш Сардарова 31 қаң. 2024 14:05 2130


Журналистер бұрынғы оқу-ағарту министрі, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің алақанынан "шпаргалкаға" ұқсас жазуды байқап қалды, - деп қалды Dalanews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.


Мәжіліс кулуарларында Аймағамбетов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заң жобасы туралы айтты. Осы кезде депутаттың алақанындағы жазу көзге түскен. Осылайша, БАҚ өкілдері бұл не екеніне қызығушылық танытыпты.



"Бұл шпаргалка емес, көріп отырсыздар ғой, ауруханада жатырмын. Емделіп жатырмын. Мұны, шамасы, олар (дәрігерлер. - еск.) қаламмен жазды", - деп жауап берді Аймағамбетов.



Бұл ретте мәжілісмен емделу кезінде де пленарлық отырыстарға қатысатынын айтып, білегіндегі аурухана "білезігін" көрсетті. Алайда алақанында нақты не жазылғанын экс-министр ақыры көрсетпеді.


Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 2019 жылдан 2023 жылға дейін оқу-ағарту министрі болып жұмыс істеген еді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар