Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомот Тоқаев Арал теңізі мәселесінің әлі де аса өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
