Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиналыстар қысқаруы мүмкін

Қаракөз Амантай 13 ақп. 2026 18:17

Қазақстан мектептерінде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиналыстар саны қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында шығындарды оңтайландыру мақсатында қолға алынған.

"Білім беру саласының ресурстары формалды іс-шараларға емес, білім сапасын нақты арттыруға бағытталады. Есеп үшін ғана ұйымдастырылатын форумдар мен кеңестердің санын азайтуды жоспарлап отырмыз. Республикалық және өңірлік іс-шаралар тізімі қатаң қайта қаралады. Мемлекеттік қолдау тек білімнің мазмұнды дамуына ықпал ететін жобаларға көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар мектептерде техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау күшейтіледі. Атап айтқанда, бейнебақылау жүйелерінің жұмысы, күзет қызметі және оқушылар арасындағы психологиялық ахуалға ерекше назар аударылмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove