Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты көп қойылатын сұрақтардың біріне жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасына қонақ болып, отбасылық өмірі туралы әңгіме қозғаған. Оның айтуынша, көпшілік одан "қашан үйленесіз?" деп жиі сұрайды.
Әнші мұндай сауалдарға кейде әзілмен жауап беретінін айтты.
"Кейде әуежайда, кафеде немесе көшеде апаларымыз кездесіп, "қашан үйленесің?" деп сұрайды. Сондайда "мен үйлендім ғой, екі рет үйленіп, екі рет ажырастым" деп қалжыңдаймын. Олар "солай ма?" деп таң қалып жатады", – деді ол.