Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланды.
Конгресс барысында қауымдастық президенті: «Біздің негізгі мақсатымыз – қазақ күресін олимпиада ойындарының қатарына кіргізу. Қауымдастық өз кезегінде халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып, қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жолында жұмыс жасайды», – деді.
Сондай-ақ, Кәрім Қажымханұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясына бірігуін үлкен жетістікке балады.
Қазақ күресін әлемдік аренада дамыту мақсатында Қауымдастық Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.