Көктемгі дала жұмыстарына 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары қатысуда. Биыл шаруаларға көмек беру мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы жылдық 6 пайызбен 293 млн. теңгеден аса несие берілген.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда ауыл шаруашылығы өнім көлемі 42 млрд. теңгеге жеткен болатын. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 32,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы 9,6 млрд. теңге, ауылшаруашылық қызметі 278 млн. теңгені құраған.
Өткен жылы ауданда 38 мыңнан аса гектар жерге мақта дақылы егіліп, аудан бойынша 96 511 тонна «ақ ұлпа» қамбаға жиналды. Орташа өнімділік 25 центнерге жетіп, мақташылар жылды толағай табыспен аяқтаған.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі