Freedom Inside '26

Маңғыстауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
gov.kz

7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаның себебі - техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.

"Полиция қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп жазылған хабарламада.