Freedom Inside '26

Маңғыстау облысында республикалық тас жолды су басты

Маңғыстау облысында республикалық тас жолды су басты
Кабанск-инфо.24/7/көрнекілік сурет

Маңғыстау облысында тоқтаусыз жауған нөсер жаңбырдан кейін "Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасы" республикалық маңыздағы автожолдың бір бөлігін су басып, көліктердің қозғалысында қиындық туындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құзырлы ведомствоның нақтылауынша, тас жолдың 23-24-шақырымындағы жол төсемін жаңбыр суы басқанү

"Су басқан учаскенің ені – 9 метр, тереңдігі – 3-4 см. Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ.Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді өңірдегі төтеншеліктер.

Жағдайды бақылауға алу және суды бұру жұмыстарына "ҚазАвтоЖол" МИО-дан 9 қызметкер, 5 техника, Маңғыстау облысы ТЖД-дан – 1 дана "Газель", 1 дана "Toyota Hilux", 1 дана мотопомпа жұмылдырылды.