Маңғыстау облысында колледж директоры 29,5 миллионды заңсыз иемденіп алған

Көркем Алдабергенова 28 мам. 2024 16:23 1991

Маңғыстау облысында колледж директоры 29,5 миллионды заңсыз иемденіп алған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі анықталған.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып,
29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

Бейнеу аудандық сотының 16 мамырдағы үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар