Қарағандының Майқұдық ауданында екі баланың терезеден құлау фактісі тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға 17 шағынауданда болған.
Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 және 2024 жылы туған екі ұл бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер терезесінен құлаған.
Балалар түрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Оқиға кезінде үйде ересектер болмаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Қарағанды облысында терезеден құлаған балалар саны 10-ға жеткен.
Құтқарушылар ата аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, москит торына сенбеуге, себебі оның баланы ұстап қала алмайтынын ескертті.
Сондай ақ терезелерге арнайы бекіткіштер мен қорғаныс құрылғыларын орнату және баланың терезеге шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды алыстату ұсынылды.
ТЖД мәліметінше, мұндай әрбір оқиға алдын алуға болатын қайғылы жағдай саналады.
Ведомство балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік ересектерге жүктелетінін еске салды.