Қазақстан үкіметі LRT нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жеке полиция басқармасын құру туралы қаулы қабылдады. Жаңа бөлімше Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрамына кіреді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басқарманың қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл үшін қосымша қаражат бөлінбейді: шығындар ІІМ-ді ұстауға қарастырылған қаржы шегінде өтеледі.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Алайда жарияланған құжатта жаңа басқармада қанша қызметкер жұмыс істейтіні және оның нақты міндеттері туралы ақпарат көрсетілмеген.