Қазақстанда қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта латын негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелерін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, латын графикасына көшуге бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі жұмыс жоспарларындағы өзгерістерге байланысты республикалық бюджетке қайтарылған.
Республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі тиісті нормативтік-құқықтық актілер бекітілгеннен кейін қаралады, – деп мәлімдеді министрлік.
Сондай-ақ министрлікте әліпби түпкілікті бекітілген жағдайда, латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.