КВН ойындарының жұлдызы жол апатынан қаза тапты

КВН ойындарының жұлдызы жол апатынан қаза тапты
ашық дереккөзден

КВН-нің танымал "Утомлённые солнцем" командасының мүшесі Елена Рыбалко жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы жағдай 1 мамыр күні кешкі уақытта Сочидің Адлер ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 53 жастағы әртіс жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Сол сәтте Toyota көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кеткен.

Елена Рыбалконың жұбайы журналистерге оқиғаны растаған. Ол отбасы үшін ауыр кезеңде мазаламауды сұраған.

Елена Рыбалко көрерменге "Утомлённые солнцем" командасы арқылы жақсы таныс. Ол Михаил Галустян және Александр Реввамен бірге сахнаға шығып, 2000-жылдардың басында КВН Жоғары лигасында өнер көрсетті. 2003 жылы аталған команда чемпион атанған еді.

Соңғы жылдары актриса үлкен сахнаға сирек шығып, негізінен мерейтойлық концерттерге қатысып жүрген.