Президент жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желтоқсанның соңына дейін әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Олардың ішінде 12 000-нан аса адам Қарулы күштер, 7 000 адам Ұлттық ұлан, 3 000 адам ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден аса адам Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуық адам Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады.
Айта кетейік, сарбаздарға әскери қызметін өткеру кезінде несиені кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.