Осыған орай Түркістан облысындағы барлық аудандар жаппай бетперде тігуді жүзеге асырып, тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз етпек.
Сайрам ауданындағы «GOLDEN NOMAD» АЛТЫН АДАМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бетперденің сан алуан түрін тігуге ірі көлемде тапсырыс алды.
Мұнда 80-нен асатын жұмысшы күніне 30 мың маска тігуді қолға алып, жұмысты бастап кетті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев цехтың жұмыс барысымен танысты. Жұмысшылар қажеттілікке қарай маска мөлшерін көбейтіп тігуге мүмкіндіктері барын жеткізді.
Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасында қаржылай көмек алған 65 тігінші күніне 5500 дана медициналық маска тігу жұмыстарымен айналысуда. Қазіргі таңда Сайрам ауданындағы 10 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген азаматтарды тегін медициналық маскамен қамту шаралары жүзеге асырылуда
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі