Сюжетте алқабилерді көрсетіп жіберген КТК телеарнасы қалай жазаланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Судья Айжан Құлбаева КТК телеарнасына әкімшілік жаза қолданылғанын айтты.
Сонымен қатар, тараптар БАҚ өкілдерін, оның ішінде, КТК телеарнасының тілшілерін сот залына кіргізумен келісті.
Айта кетейік, КТК телеарнасы алқабилерді көрсетуге тыйым салынса да оларды сюжетте көрсетіп жіберген болатын. Артынша судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығарып тастаған еді.
Еске салайық, бұған дейін әлдекімдер Бишімбаев ісі бойынша судья Құлбаеваға қоңырау шалып, қорқытқаны хабарланған болатын.
Астана қаласының Полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.
Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, интернетте жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланым анықталыпты.