“Кселл” ұсынған "Миллионер бол" ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды

Қаракөз Амантай 16 қыр. 2024 15:55 2164

"Кселл" жетекші мобильді операторы "Миллионер бол" ұтыс ойынының кезекті жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Өз Instagram парақшасында тікелей эфирде компания кезекті жүлделерді ойнатты — шымкенттік абонент Еркебұлан Қанатұлы 1 миллион теңгенің бақытты иегері атанды, Түркістан облысындағы Ленгер қалашығынан Наргиза Бахтиярқызы 500 мың және Түркістандық жас ветеринар 100 мың теңге ұтып алды.

Шымкенттік 28 жастағы режиссер, әрі бір жарым жасар қыздың әкесі іс сапарда жүргенде күтпеген тосын сыйлыққа тап болды. Еркебұлан Қанатұлы "Кселл" өкілі қоңырау шалып, 1 миллион теңге ұтып алғаны туралы хабарлаған кезде "Мейрам" киностудиясының шығармашылық тобымен бірге көрші Таразда болып, кезекті киносын түсіріп жатқан еді.

"Бұл ұтыстың өзі қызық болды — бұған дейін киностудияда маған 10 000 теңге сыйлық пен "Үздік режиссер" грамотасы берілген болатын, осы ақшаға мен өзіме ең мықты, деген тарифтік жоспарды қосуды ұйғардым, режиссер болғандықтан, әрдайым медиаконтентпен жұмыс істеймін және маған түсірілім процесінің барлық қатысушыларымен байланыста болу ғана емес, сонымен қатар түрлі роликтерді, фильмдерді қарау және кадрларды қою тәсілдеріне, технологияларына және т.б. ие болу маңызды. Міне, жаңа тариф сатып алып, ұтыс ойынына қатысуға тіркеліп, мен Таразға түсірілімге кеткен болатынмын, сол кезде маған "Кселл" қызметкерлері телефон шалып, 1 миллион теңге ұтып алғанымды хабарлады. Бұл шын мәнінде күтпеген жағдай және менің жаңа тарифтік жоспарым сәттілік алып келді, өйткені бұрын-соңды ешнәрсе ұтқан емеспін", — деп бөлісті қуанышымен 1 млн. теңге иегері Еркебұлан Қанатұлы.

Режиссер өзінің ұтысына жұбайы мен қызын сыйлықтармен қуантуға, сондай-ақ бұрын отбасылық салтанатқа қомақты қаржы жұмсаған туыстарына көмектесуге ниетті.

Екінші жеңімпаз әрі жарты миллион теңгенің иегері Түркістан облысындағы Ленгер шағын қалашығының тігіншісі болды. Наргиза үйінен жұмыс істеп, 25 жылдан бері клиенттері үшін ерекше сипаттағы киім үлгілерін тігеді екен.

"Бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқаныма қарамастан, соңғы айларда жұмыс жүрмеді, еңсем түсіп, қиын кезеңдерді бастан кешірдім. Жұмыстан қатты шаршап кеттім, ешнәрсе қуантпады. Жаратушыдан әрі қарай не істейтінімді, қандай бағытта қозғалуым керектігін білдіретін қандай да бір белгі беруін сұрадым. Маған қызметкерлер қоңырау шалып, ұтыс туралы хабарлаған кезде мен әуелі сенбеген едім, содан кейін мұның дәл сол белгі екенін түсіндім. Маған "Кселл" арқылы көмек келді, рас, 500 мыңдық сыйлық менің бар қажеттіліктерім мен сұраныстарымды жаппайтын шығар, бірақ бұл ақша маған өзіме сенуге және қолөнерімді одан әрі жалғастыру үшін күш жинауға көмектеседі. Ұтқан ақшама қалаға барып, ең үздік мейрамханадан кешкі ас ішіп, сұлулық салонына барып, тағдырдың осы жағымды сыйлығын жаңа өмірдің бастауы етпекпін. Жалпы, биыл — бұл екінші тосын сый, жазда мен сондай-ақ әлеуметтік желіде үздік пікір қалдырғаным үшін күтпеген жерден торт ұтып алған болатынмын", — дейді Ленгер қаласының тұрғыны Наргиза Шадбекова.

 

Тағы бір жеңімпаз Түркістандық жас ветеринар Игілік Ахметов болды. Бес баланың әкесі "Кселлдің" тарифтік жоспарын әуелден-ақ қолданып жүрген және отағасы үшін 100 мың ұтыс та күтпеген тосын сый болды.

Еске сала кетейік, 1 тамыз бен 31 қазан аралығында "Кселл" жалпы жүлде қоры 60 миллион теңге болатын "Миллионер бол" ұтыс ойынын бастады. Апта сайын қатысушылар 100 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін, ай сайын — 5 миллион, ал үш айдың қорытындысы бойынша 25 миллион теңгені ұтып алады.

Ұтысқа қатысу үшін activ-те "ТОП +" (M, L, XL, UNLIM) немесе Kcell-де — "Жақсылық" (Start, Hit, Pro, Max) тарифтерінің бірін қосып, абоненттік төлемді енгізіп, ұтысқа қатысуыңызды activ/Kcell суперқосымшаларында растау қажет. Ал ұтысты Instagram-дағы @activ.kz ресми парақшасында қадағалауға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар