Көшеде көкпар тартқандар 10 күнге қамалды

Көшеде көкпар тартқандар 10 күнге қамалды
Алматы облысы Қаскелең қаласында көшеде көкпар тартып, көлікті бүлдіргендер 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Көкпар тартқан 6 адамды полиция ұстады. Олар 10 тәулікке қамауға алынды» делінген ресми хабарламада.

Кінәлілерді ұсақ бұзақылық және көшедегі көлікке кедергі келтіргені үшін жауапқа тартты.