Біріншісі 9 наурызда келді, яғни бұл ел тыйым салынғандардың І-санатына әлі жатқызылмаған кезде. Екіншісі - 12-сі күні. Алгоритм бойынша, 73 жолаушының тізім бар. Олар бақылауға алынған.
Біз оларды оқшаулай бастаймыз: іздеп, карантинге жатқызамыз.
Олар ауру емес, бірақ14 күн карантинде болады, - деді Біртанов.
Екінші ұшаққа келсек, жаңа ереже күшіне енгендіктен, барлық құрам - 12 адам, оның ішінде экипаж да дереу карантинге алынған. Олар қонған сәттен бастап толығымен оқшауланған.
Елдегі науқаспен байланыста болғандарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда.