Бұл туралы онлайн-брифингіде аймақ басшысының орынбасары Батыржан Байжұманов айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Білесіздер, Амандық Ғаббасұлынан осыдан үш апта бұрын коронавирус анықталды. Ол тиісті ем-дом алды, алайда ентігу мен тыныстың тарылуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталыққа жеткізуге шешім қабылдады, – дейді Байжұманов.
Әкімнің орынбасарының айтуынша қазіргі таңда аймақ басшының жағдайы жақсы.
"Ол сол жақта емделуде, қазіргі күні Амандық Ғаббасұлының жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол тұрақты түрде спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан да алдағы уақытта әкім ауруханадан шығып, қалыпты жұмысына кіріседі", – деді Байжұманов.
Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.