Тамара Дүйсенова жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды.
– Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады, – деді Дүйсенова.
Министр президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50%-ы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болатынын атап өтті.