Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға түсті

Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қыз ауруханаға түсті
видео кадры

Алматы облысында Көлсай көлдеріне демалуға барған 16 жастағы қызды жылан шағып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға демалыс күндері болған. Жасөспірімнің қолын жылан шаққаннан кейін оқиға орнындағы құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін емдеу мекемесіне жеткізген.

Дәрігерлердің мәліметінше, қыздың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті жаз мезгілінде жыландар белсенді болатынын ескертіп, табиғат аясында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Мамандар тыйым салынған жерге бармауға және демалатын орынды алдын ала мұқият тексеруге кеңес берді.