Көктайғақпен күрес! Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілуде

Көктайғақпен күрес! Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілуде
Елордада ауа райының нашарлауы, соның ішінде екпінді жел мен көктайғақ байқалады. Сол себепті қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық қызметтің мамандары жолдарда көктайғақтың орнауына жол бермес үшін барлық шаралар қабылдауады.

Жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп жауып, температураның өзгеруіне байланысты көшелерде көктайғақ орнауда.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм мен тұз қоспасы себіліп жатыр.



«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.