"Кішкентай жарық пайда болған". Министр ҚазҰУ-ға қатысты фейкке жауап берді

Dalanews 23 қаң. 2024 07:51 946

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жер сілкінісі кезінде Алматыдағы студенттер қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда 198 833 студент 35 университетте білім алып жатыр.

"Біз бірінші жер дүмпуі туралы ақпаратты алғанда бірден іске кірістік. Студенттер шұғыл түрде эвакуацияланды. Барлығын жүйелі түрде ұйымдастырдық. Мен біздің унивисеттердегі ректорлар мен проректорларға, студенттік ұйымдардың басшыларына шексіз алғысымды айтамын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Саясат Нұрбек жер сілкінісі кезінде ҚазҰУ-ға қатысты жалған ақпарат тарағанын да мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі №6,8 жатақханалары қирап, құрбандар болды деген фейк ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Біз бірден (БАҚ-қа) ақпаратты беріп, оқиға орнына өкілдерімізді жібердік. Олар бәрін тексерді. (Жатақханаларда) кішкентай жарық пайда болған. Тиісті жөндеу жұмысын жүргіземіз. Бүгінде барлық жағдай бақылауда. Біз барлық ректормен және жатақханалардағы жауаптылармен байланыстамыз", - деді ведосмство басшысы.


Сурет: kaztag

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар