Жыл басынан бері Қазақстанда интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 7 пайызға азайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кибералаяқтардың құрбаны болған азаматтарға 4,8 миллиард теңге қайтарылған. Сонымен қатар Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс нәтижесінде тағы 2,6 миллиард теңгенің заңсыз шетелге шығарылуына жол берілмеген.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері 150 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталған. Сондай-ақ халықаралық алаяқтық call-орталықтардың қызметі тоқтатылып, олардың ондаған қатысушысы ұсталды.
Бұдан бөлек, азаматтардың жеке деректері заңсыз таратылған интернет-ресурс анықталып, оның жұмысы тоқтатылған.