Kia: қазақстандықтар үшін инновациялар мен сенімділік

Dalanews 24 мау. 2021 04:24 914

Қазақстандықтардың көпшілігі Kia брендіне басымдық беруде. Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметі бойынша 2021 жылғы мамырда ҚР-да брендтің 1030 автомобилі сатылған - бұл осы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 35%-ға көп және Kia-ның соңғы 5 жылдағы сатылымының үздік нәтижесі.

24 маусымнан бастап 26 маусымға дейін барлық тілек білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласындағы Automechanika Astana көрмесінде Kia брендінің экспозициясын тамашалай алады.

Көрмеде Kia автомобильдерінің қазақстандық өндірісінің ауқымды модельдік қатары: Rio, Rio X, Cerato, Soul, Sportage, сондай-ақ K5 және Sorento жаңа өнімдері ұсынылады. Оған қоса, жүргізушіге көмек көрсетудің инновациялық жүйелерінің тиімділігін жеке бағалай отырып, K5, Sportage және Sorento модельдеріне тест-драйв өткізуге болады. Олардың ішінде интеллектуалды круиз-бақылау, қозғалыс қатарын бақылау жүйесі, тұрақ автопилоты және басқа да көптеген электрондық ассистенттер бар.

Kia – Sorento-ның төртінші буындағы соңғы жаңалығы жұртшылықтың ерекше назарын аударды. Бұл орташа класты кроссовер өз сегментінде жаңа стандарттар қояды. Оны стильді дизайны, 5 немесе 7 орындық кең әрі ойластырылған салоны, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі, жаңа қуат қондырғылары мен заманауи опциялары, соның ішінде Supervision цифрлық аспаптар тақтасы, Bose премиум-класты аудиожүйесі, панорамалық шатыры және басқалары ерекше етіп көрсетеді.



Kia бренді клиенттік сервистің сапасына ерекше назар аудара отырып, Қазақстанда дилерлік желіні белсенді дамытуда. Бүгінде республиканың барлық өңірінде брендтің 18 дилерлік орталығы жұмыс істейді.

Kia автомобильдері, жиынтықтары, бағасы туралы толық ақпарат және дилерлік байланыс деректері www.kia.com.kz сайтында қолжетімді.

Қазақстандағы Kia ақпараттық желісі: 555 (қоңырау шалу тегін).

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар