Кентауда отбасы құндылығы насихатталды

Dalanews 23 қаз. 2017 03:01 804

Таяуда Кентау қалалық мәдениет сарайында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Облыстың аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны іске асыру және мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге 2012 жылы Ұлттық қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығының, «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясының иегерлері, 14 баланы асырап, бауырына басқан «Батыр ана» Ергешова Түймегүл, ұзақ жылдар бойы Кентау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған  Маржан Кривенцова, «Әжелер алқасының» төрайымы Салтанат Атамбек және мектеп оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылар «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында кітап көрмесі мен «Қыз сыңсуы» тақырыбындағы көріністі көрермендерге ұсынды.

Кездесу соңы арнайы дайындалған бейнефильмдерді тамашалауға ұласты.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар