"Кененің басы қайда?" деп қашанғы шулаймыз?

Dalanews 26 мам. 2016 21:41 724

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзі қазақ пен қырғыздың арасына сына қағатыны белгілі еді.

 Бұл кімге тиімді? Әрине, орыстарға. Бауырлас екі елді бір-біріне қарсы қойған жақсы оларға. Кенесарының да басын қырғызға алдыртқан осы орыс емей кім? "Кененің басы қайда?" деп әлі қақсап келе жатырмыз.

Шыңғыс ұрпақтары сүйекті қорлатпаған. Кенесары туралы дастандардың ешбірінде "қайран, атамның басы-ау", "басың қалды көмусіз" деген зар жоқ. Соған қарағанда Кене ұрпақтары мен қырғыз манаптары арасында бір келісімнің болғаны анық! Сондықтан, бұл мәселені қопара бергеннен түк ұтпаймыз!

 Әбілқайырдың басын Барақ алған. Содан Орта жүз бен Кіші жүз бүлініп кеткен жоқ қой. Аталарымызға кім қылыш көтермеді? Орыс қырды, неміс қырды! Олардың бәріне кектене берсек неміз қалады?

Қазір өзіміздің қара басымыз қайғы жұтып тұр. Сондықтан, сырттан бүлік іздеудің қажеті жоқ...

Серікбол Хасан, журналист


Автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар