Келес ауданында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Dalanews 14 мам. 2019 09:55 1788

Түркістан облысы Келес ауданындағы Абай ауылында  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – халыққа сапалы қызмет көрсету және кәсіпкерлікті дамыту.

Орталықта аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы және Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету филиалының аудандық бөлімі орналасқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қолдау қоры мен шағын қаржылық ұйымдар мен «Ырыс» МКҰ» ЖШС-нің мамандары қызмет көрсетеді.   Сонымен қатар, орталықта қаржыландырушы компаниялардың өкілдері мен екінші деңгейлі банк және ұлттық дамыту институттары жайғасқан. Яғни, осында келген кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша көкейін мазалаған сұрақтарының барлығына жауап ала алады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бұл шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірегей институт. Орталық «бір терезе» қағидасы бойынша  халыққа қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, онда кәсібін енді ғана бастаған кәсіпкер арнайы оқудан өтіп, бизнес-жоспар жазып, ыңғайлы қаржыландырушы көзді анықтайды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар