Кастет жарнамалағандарға жаза: суық қаруға бақылау күшейтілді

Самал Асқар 07 сәу. 2026 13:53

Қазақстанда суық қарудың заңсыз айналымына қарсы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Dala News.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер тыйым салынған заттарды көбіне интернет-дүкендер арқылы сатып алған. Осыған байланысты «Satu.kz» платформасы суық қару жарнамасын орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар әуежайлар мен теміржол вокзалдарында түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, арнайы баннерлер ілініп, тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсыруға арналған жәшіктер орнатылған.

Прокуратура азаматтарды ескертеді: суық қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Ал оны өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады.

Сапар алдында жүк пен жеке заттарды мұқият тексеру ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove