Каспийде браконьерлер мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам шығын келтірмек болған

Көркем Алдабергенова 02 қыр. 2025 16:15

Тамыз айында Каспий акваториясында 55 браконьерлік факті анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шекарашылар браконьерлерден тоғыз жүзу құралын, ұзындығы 21 шақырымнан асатын ау мен қармақ құралдарын тәркіледі.

"Заң бұзушылардан 240 дана немесе 1440 кг бекіре тұқымдас балық және 19 кг жай балық алынды", – деп мәлімдеді ҰҚК.

Алдын алынған залалдың сомасы шамамен 566 млн теңгеден асты.

Бұл деректер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберіліп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Айта кетейік, 28 тамыз күні Ақтауда ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 26-шағынауданда жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында әйелден 41 келіден астам салмақ болатын 12 дана бекіре тұқымдас балық (басы бар, ішкі мүшелері алынған) табылды. Факт ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі бойынша (жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Жемісті 7 кітап
02 қыр. 2025 17:40